Шенген визасының бағасы көтеріледі
Словенияның сыртқы және еуропа істері министрлігі биыл жазда Шенген визасының бағасы өсетінін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Pexels.com
Ведомствоның мәліметінше, бағаны көтеру туралы шешімді Еурокомиссия қабылдаған. Қысқа мерзімге тұруға арналған Шенген визасының бағасы 12% өседі.
“Бүкіл әлемде қолданылатын жоғарырақ алымдар 2024 жылдың 11 маусымынан бастап қолданыла бастайды. Шенген визасының жаңа алымы ересектер үшін (12 жастан асқан визаға үміткерлер) 90 еуро және алты жастан он екі жасқа дейінгі балалар үшін 45 еуро болады”, – делінген хабарламада.
Алты жасқа толмаған балалар үшін виза әлі де тегін.
Еске салайық, 18 сәуірде Таиландтың министрлер кабинеті қазақстандық туристер үшін визаны біржола алып тастауды мақұлдағанын жаздық. Таиландтың Туризм басқармасының мәліметінше, былтыр Таиландқа 172 мың қазақстандық барған. Таиландқа баратын қазақстандық саяхатшылардың көбі – отбасылар мен ерлі-зайыптылар.