Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жоба құны 3 миллиард теңгеден асады: Қазақстанда жаңа визалар пайда болмақ

Үкімет отырысында туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев елімізде жаңа визалар пайда болатынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: kazkor.com.kz

Министр қазір Қазақстанда шетел азаматтары үшін қазіргі заманғы көшпенділер визасы – Neo Nomad Visa жүйесін енгізілетінін, оларға елде ұзақ мерзімді болу құқығын беру мәселесі қарастырылып жатқанын айтты.

“Бұл шараны жүзеге асырудан күтілетін экономикалық нәтиже жыл сайын 3 миллиард теңгеден асады. Бүгінде Neo Nomad Visa жүйесін енгізу механизмі әзірленіп, мүдделі мемлекеттік органдарға жіберілді”, – деп атап өтті ресми өкіл.



Бұған дейін туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев шетелдіктер Қазақстанға виза алуда қиындықтарға тап болғанын мойындаған еді.

Еске салайық, Қазақстан мен Вьетнам визасыз келісімге қол қойды. Енді азаматтарымыз Вьетнамда 30 күн визасыз жүре алатыны туралы хабарладық. Ақпаратты 4 мамырда вьетнамдық бағытта жұмыс істейтін бірнеше туроператорлар таратты.

Талқылау