Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Шенеунік төбелесінің" мән-жайы белгілі болды

Қазнетті шулатқан "шенеуніктің төбелесі" туралы видеоға қатысты мәліметтер белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агентігі.

шенеунік

Белгілі болғандай желіде таралған видео кадрында Алматы облысы Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары бар. Аймақ әкімі баспасөз қызметінің мәліметтеріне сәйкес, "Мирас" сауда кешенінде орналасқан "Белые розы" мейрамханасында төбелес болған.

"Бұл корпоратив емес еді. Әкімнің орынбасары 25 желтоқсанда сағат 00.30-да мейрамханаға келді. Осы уақытта оның және мейрамханаға келушінің арасында түсініспеушілік орын алған. Қазір облыс әкімінің орынбасарынан түсініктеме алынып, одан әрі оған қатысты тәртіптік жаза қолданылатын болады", - деді облыс әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жөкел.

Ол бұған дейін Жамбыл ауданының әкімдігімен жаңа жылдық корпоратив өткізуге тыйым салынғанын атап өтті.

Кейіннен мейрамхана әкімшісінің түсініктемесінде, сол күні әкімдік корпоративтік кеш өткізбеген.

шенеунік

Естеріңізге сала кетейік, шенеуніктің қатысуымен болған төбелестің бейнелері jexennews Тelegram-арнасында пайда болды. Облыс әкімдігінде аталған факті бойынша арнайы комиссия құрылғанын хабарлады. Жергілікті атқарушы органда уәде еткендей, төбелес қатысушылары, егер олар шенеуніктер болса, жұмыстан босатуға дейін жазаланатын болады.
 

Талқылау