Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Шектеу шаралары алынсын": Депутаттар мониторинг топтары мен санитарлық дәрігерлерді сынға алды

Депутат Дания Еспаева мониторингтік топтар мен санитарлық дәрігерлерді сынның астына алды. Ол "Ақ жол" партиясының атынан карантиндік шектеуді алып тастауды сұрады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Мониторингтік топтардың жұмысы шынайы жүргізіліп жатқан жоқ. Өйткені олар бір мекемелерді үнемі тексеріп, ал кейбір мекемелерді мүлдем тексермейді. Сондықтан біз шектеу шараларынан бас тартып, бизнесті жүйелеу туралы ұсыныс айтқан болатынбыз. Заңға сәйкес санитарлық тексеруді тек қана санитарлық қызмет жүргізуі керек. Алайда, қазір бізде санитарлық тексеруді полиция, волонтерлер, мониторингтік топтар жүргізуде. Мониторингтік топтарда барлық жауапкершілікті өзіне алатын адам бекітілмейді. Тіпті қазір ешқандай мемлекеттік органға қарамайтын, жалған топтар пайда болды. Олар кәсіпкерлерді тонауда", - деп шағымданды депутат. 

Оған қоса, Дания Еспаева мейрамханалардың уақытына қойылған шектеудің логикаға сай келмейтінін және бірінші адам толы автобустардың мәселесін шешу керек екенін айтты. 

"Неліктер санитарлық дәрігерлер толы автобусқа қарағанда кафелерде вирус жұқтыру қаупі жоғары деп санайды. Вирус тек 22:00-ден кейін ғана кафелерге бара ма?" - дейді Еспаева. 

Талқылау