Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Шектен шығып барады": Асқар Ілиясов бұрынғы сүйіктісі Айя Шалқарға жауап берді

Белгілі актер Асқар Ілиясов пен модель Айя Шалқардың қарым-қатынасы қоғамда қызу талқыға түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Өнер иелерінің жеке парақшасынан алынды

Айта кетейік, осыдан бір ай бұрын актер Асқар Ілиясов пен модель Айя Шалқар қыз бен жігіт болып жүргендерін растаған еді.

“Мен бұны жазам деп ойламадым, бірақ Айяның сторисіндегі әңгіме қоғам алдында талқыланып, шектен шығып барады. Мен абьюзер ​​емеспін, мен әйелдерді құрметтеймін. Ал Айямен арамызда болған жайттар екеумізге ғана қатысты. Мен оны жақсы көремін және құрметтеймін. Біз екіге кеттік. Төрт ай қарым-қатынастан кейін біз бірге шешім шығарып, бөлек кетуді жөн деп санадық", – деп жазды актер. 



Сонымен қатар өнер иесі бұрынғы сүйіктісін сұхбатқа шақырып, мәселені бірге талдауға шақырды.

“Мен ақталмаймын, диалог болғанын қалаймын. Біз бұл туралы жеке де сөйлесе аламыз. Бірақ егер біздің қарым-қатынасты қоғамдық форматқа айналдырғың келсе, оны бірге талқылайық, Тимур Балымбетовке сұхбат беріп, мәселені әңгімелейік. Менің ойымша, бұл біз үшін ғана емес, қарым-қатынаста түсінісе алмайтын барлық адамдар үшін пайдалы болады деп ойлаймын", – деп жауап берді актер. 

Еске салайық, Айя Шалқар экс сүйіктісін абьюзерге теңеп, “өткен өмірім үшін кінәлай береді” деп айыптаған еді. 

Талқылау