"Шекаралық аудандарды азат ету үшін жасалып отыр": Зеленский Ресейдің Курск облысына басып кіргенін мойындады
Украина президенті Владимир Зеленский Ресейдің Курск облысында қарулы операция жүргізіп жатқанын алғаш рет растады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ВВС арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Украина қарулы күштерінің бас қолбасшысының айтуынша, қазір украин әскері Ресей аймағының 1000 шаршы шақырымдай аумағын бақылап отыр.
Ресей президенті Владимир Путин шекаралас аймақтардағы жағдайды талқылау үшін кеңес өткізді.
Жиынға Ресей қауіпсіздік кеңесінің мүшелері, үкімет, құқық қорғау органдарының басшылары, сондай-ақ Украинамен шекаралас Белгород, Брянск және Курск облыстарының басшылары қатысты.
Кездесудің басында Путиннің өзі Курск облысында болып жатқан оқиғаларға қысқаша түсініктеме беріп, ресейлік әскерилерден жауды қуып шығуды және шекара қызметімен бірге мемлекетті сенімді қорғауды қамтамасыз етуді талап етті.
Путин Ресей аумағындағы шайқастарды "кең ауқымды арандатушылық" деп атады, ол ұрыс аймағынан эвакуацияланғандарға 10 мың рубль көлемінде бір реттік төлем беруді уәде етті.
Курск облысы губернаторының міндетін атқарушы Алексей Смирнов аймақтағы жағдайдың "күрделі" екенін айтты.
"Бүгінде 28 елдімекен жаудың бақылауында. Курск облысының аумағына ену тереңдігі – 12 шақырым, майданның ені – 40 шақырым", – деді Смирнов.
Сондай-ақ Смирнов ондағы 2 мың адамның жағдайы белгісіз екенін айтты. Айтуынша, қазір Курск облысында халықты эвакуациялау жүргізіліп жатыр. Губернатордың міндетін атқарушы Курск облысына шабуыл басталғаннан бері 12 бейбіт тұрғын қаза тауып, 121 адам жараланғанын, оның ішінде 10 бала болғанын айтты.
Ресей де, Украина билігі де Курск облысындағы елдімекендердің басып алынғаны туралы ресми мәлімет берген жоқ.
Украина президенті Владимир Зеленский штаб отырысын өткізді.
Украина қарулы күштерінің бас қолбасшысы Курск облысы аумағында шабуыжалғасып жатқанын мәлімдеді. Оның айтуынша, қазіргі уақытта Ресей аймағының 1000 шаршы шақырымға жуық аумағы Украина қарулы күштерінің бақылауында.
Оның айтуынша, бұл операция Украинаның шекаралас аймақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді және оның негізгі мақсаты – шекаралық аудандарды ресейлік әскерилерден азат ету.
Зеленский серіктестерден Украина аумағын қорғау үшін алыс қашықтықтағы қаруды қолдануға рұқсат алу үшін қажетті әрекеттер тізімін ұсынуды тапсырған.
Еске салсақ, Украинаның Ресейдің Курск облысына басып кіргені айтылды.