Шайбалы хоккейден 2023 жылғы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы матчтарының кестесі жарияланды
12-28 мамыр аралығында Рига мен Тампере қалаларында өтетін шайбалы хоккейден 2023 жылғы әлем чемпионатының матчтарының кестесі белгілі болды. Қазақстан құрамасы Латвия астанасында В тобында өнер көрсетпек, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ҚХФ баспасөз қызметі жариялады.
Біздің команданың қарсыластары Канада, Чехия, Латвия, Норвегия, Словакия, Словения және Швейцария болады.
Қазақстан құрамасының матчтарының кестесі:
13 мамыр, 19:20 - Норвегия - Қазақстан
14 мамыр, 23:20 – Чехия – Қазақстан
16 мамыр, 23:20 – Швейцария – Қазақстан
17 мамыр, 23:20 – Канада – Қазақстан
19 мамыр, 23:20 – Қазақстан – Словакия
20 мамыр, 23:20 – Қазақстан – Латвия
22 мамыр, 23:20 – Қазақстан – Словения.
Кесте Нұр-Сұлтан уақытымен берілген.
Финляндияда "А" тобында Австрия, Дания, Финляндия, Франция, Германия, Венгрия, Швеция және АҚШ құрамалары ойнайды.
Ширек финалдық кездесулер Рига мен Тампереде, жартылай финал, финал және үшінші орын үшін матч Тампереде өтеді.
"Дәрінің құны 1,5 миллиард теңге": Бұлшықеті әлсіз қазақстандық бүлдіршінге денсаулық сақтау министрлігі көмек көрсетуден бас тартқан
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"

