Шавкат Рахмоновтың келесі қарсыласы анықталды
UFC президенті Дэйна Уайт Шавкат Рахмоновтың келесі қарсыласын атады. Ол Лондонда Леон Эдвардс пен Камару Усман арасындағы жекпе-жектен кейін қазақ файтерінің келесі қарсыласы – америкалық Белал Мұхаммед болатынын айтты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
“UFC рейтингінде алтыншы орында тұрған қазақстандық спортшы Шавкат Рахмонов төртінші жартылай ауыр салмақтағы америкалық Белал Мұхаммедке қарсы жекпе-жекке шығады”, – деді ол Дэйна Уайт баспасөз мәслихатында.
Ал, Лондондағы UFC 286 турнирінің басты жекпе-жегінде британдық Леон Эдвардс Камару Усманды жеңді. Екі боксшы да Шавкат Рахмоновқа ықтимал қарсыластар тізімінде болған еді.
Алматыда 7 жастағы баланы сарышаян шағып алған: Ауруханада оған қарсы вакцина табылмады
Алматы қаласында мектеп оқушысын сарышаян шағып алды.
Канье Уэсттің концертіне 280 мың теңгеге билет алған қазақстандық кейін арзан билеттердің пайда болғанына наразы
Freedom Афиша: "280 мың теңгенің бөлек баға санатына кіреді, ал 120 мың теңге – трибунадағы басқа жерде орналасқан орындардың баға санаты"

