Шавкат Рахмонов UFC-де төртінші рет жеңіске жетті
Қазақстандық боксшы Шавкат Рахмонов UFC турниріндегі кезекті жекпе-жегінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Рахмонов Лас-Вегаста америкалық Нил Магнимен жұдырықтасты. Қазақстандық спортшы жекпе-жектің екінші раундының соңында қарсыласын тұншықтыру арқылы жеңді. Қарсыластар жартылай орта салмақ дәрежесінде күш сынаған болатын.
Рахмонов бірінші раундта қарсыласына көп соққы жасап, физикалық жағынан да өзінің әлдеқайда мықты екенін көрсетті.
Екінші бес минуттық кезеңде Рахмонов күш жағынан басымдық танытып, қарсыласына еш мүмкіндік қалдырмады. Нәтижесінде раундтың аяқталуына үш секунд қалғанда ол Магниді тұншықтырып, жеңіске жетті.
Рахмонов осымен UFC-де төртінші жеңіске жетті.
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"
"Туған күнімді үкімет жасап береді": Наурызды ерекше атап өтетін қазақстандықтар қызық оқиғаларын бөлісті
Наурыз: “Есімім Наурыз, 22 наурыз туған күнім”

