Шатасып басқа партияға дауыс берген жігіт саусағын кесіп тастады
Үндістан тұрғыны өз саусағын кесіп тастады. Оған сайлауда шатасып басқа партияға дауыс бергені себеп болған.

Буландшахр қаласында 18 сәуір күні 25 жастағы жігіт Паван Кумар бюллетень белгісін шатастырып алғандықтан, басқа партияға дауыс береді. Ол Үндістанның ұлттық партиясына дауыс берген.
Өз қатесін білген соң өз саусағын өзі кесіп тастады.
"Мен пілге дауыс бермек едім, бірақ гүлге беріппін", - дейді ол.
Піл, гүл деп отырғаны партия белгілері. Үндістанда сауаттылық төмен болғандықтан сайлау кезінде осындай белгілер қолданылады.
Гүлдер - Үндістан ұлттық партиясы. Оның басшылығы ұлттық-консерватизмді қолдайды.
Сонымен қатар тұрғындар сайлауға дауыс беру үшін саусағына арнайы сия жағады.
Айта кетейік, елде жалпыхалықтық сайлау болып жатыр. Сайлау қорытындысы 23 мамырға дейін шығады.
Қазақстандық компания қазақ тілінде баяндама жасаған қызметкерді жұмыстан қуды деп айыпталды
Қызметкердің жұбайы жұмыс берушіден түсініктеме талап етті
"Қолынан сүйіп, денесін ұстаған": Алматыда 15 жастағы қыз такси жүргізушісінің әрекетінен шошып қалған
Қыздың адвокаты істі қылмыстық тұрғыда тексеруді сұрады