Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Шашыңызды өсіріңізші": Мөлдір Әуелбекова орамалына сын айтқан оқырманын орнына қойды

Танымал әнші Мөлдір Әуелбекова ұлттық киім күнімен құттықтаймын деп сынға қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/moldir.auyelbekova/

Өнер иесі жеке парақшасына жазба жариялап, ұлттық бас киімдер туралы түсінік берді. 

“Бөрікті жас қыздарымыз кисе, сәукелемен сұлу қалыңдық ұзатылған. Орамалды жас келін, аналар тақса, әдемі кимешекті апа-әжелеріміз ораған.
Ал сіз күнделікті өмірде бөрікпен жүрсіз бе әлде орамал тағып, кимешек орайсыз ба? Мен орамал тағатын әдемі қызбын, сіз ше?”, – деп сауал жолдады әнші. 



Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, орамалға деген көзқарасын жазып жатыр. Пікірталас арасында ұнамаған ойға әнші дереу реакция білдірді. 

“Мөлдір, сіз орамал тағасыз жарасып тұр. Бірақ сіз басқа ұлттың салтын дәріптеп жүрсіз. Сізге бөрікті күнде ки деген жоқ ешкім. Сіз бөрік киетін статустан өтіп кеткенсіз. Орамалды қазақилап, қылғындырмай тартсаңыз, нұр үстіне нұр болар еді” деп жазды желі қолданушысы. “Апай, сіз шашыңызды өсірре бастаңызшы” деп жауап берді өнер иесі. Әншінің тыңдарманы орамал тағып жүрген жарасатынын айтып, қолдау білдірді. 

Талқылау