Тоқаевтың күзет қызметінің бұрынғы бастығы енді төтенше жағдайлар министрлігін басқарады
Мемлекет басшысының жарлығымен Шыңғыс Әрінов Төтенше жағдайлар министрі болып тағайындалды. Ол президенттің күзет қызметінің басшысы лауазымынан босатылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әрінов әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, халықаралық қатынастар факультетінде оқыған. Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясы, мамандығы – құқықтану. Азаматтық авиация академиясында білім алған. Мамандығы "Тасымалды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану".
- 2006-2022 жж. Мемлекеттік күзет қызметінің кадрында әртүрлі офицерлік және басшы лауазымдардағы қызмет;
- 2022 жылғы қаңтарда президент өкімімен мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – президент күзет қызметінің бастығы болып тағайындалған.
ІІ, ІІІ дәрежелі "Елбасының қауіпсіздігін айбынды атқарғаны үшін" медалімен және "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметіне 25 жыл", "Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл" мерейтойлық медальдарымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы президентінің атынан алғыс хаттармен марапатталған.
Айта кетейік, бұған дейін мемлекет басшысының жарлығымен Ақмарал Әлназарова Денсаулық сақтау министрі лауазымына тағайындалғаны туралы жазған едік.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"