Қазақстанға жаңа денсаулық сақтау министрі тағайындалды
Мемлекет басшысының жарлығымен Ақмарал Әлназарова Денсаулық сақтау министрі лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ақмарал Шәріпбайқызы Әлназарова 1971 жылы Қызылордада дүниеге келген. Ол – Қызылорда облысынан сайланған парламент сенатының депутаты.
- Еңбек жолын Қызылорда қалалық балалар ауруханасының қабылдау бөлімінің дәрігері қызметінен бастаған.
- Одан кейін 1997-1999 жылдары Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының Қызылорда филиалының кіші ғылыми қызметкері.
- 1999-2001 жылдары Бөлім бастығы, облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары. 2001-2003 жылдары Қызылорда облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері.
- 2003-2004 жылдары Қызылорда облысы Денсаулық сақтау басқармасының бастығы; Облыстық мәслихаттың IV және V шақырылымдарының депутаты, Әлеуметтік сала және мәдениет мәселелері жөніндегі комиссияны басқарды. “Amanat” партиясының мүшесі.
"Жарақатты үйде алдым деп айт": Жұмыс берушілер өндірістегі оқиғаны неге жасырады және қызметкер не істеуі керек
Жарақат алған жұмысшының құқығын қорғаудың қандай жолдары бар екенін заңгер айтты
"Мінбердегі тартыс 7 сағатқа созылды": Нұрлан Оразалин Егемендік декларациясының қалай қабылданғанын айтып берді
Нұрлан Оразалин Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің XII шақырылымының депутаты болған әрі осы тарихи құжатты әзірлеуге тікелей қатысқан