AAPL
132.3 $
1.41 %
TSLA
620.83 $
-0.4 %
NDAQ
178.78 $
1.7 %
GOOGL
2436.25 $
1.42 %
FB
332.29 $
0.8 %
FRHC
61.68 $
1.65 %
AAPL
132.3 $
1.41 %
TSLA
620.83 $
-0.4 %
NDAQ
178.78 $
1.7 %
GOOGL
2436.25 $
1.42 %
FB
332.29 $
0.8 %
FRHC
61.68 $
1.65 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шарында сел жүріп, екі адам қаза тапты

29 мамырда Шарын шатқалында сел жұріп, салдарынан екі адам қайтыс болып, алтауы жарақат алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

13:35-те сел болғаны туралы құтқарушыларға хабарлама түсті. Оқиға Алматы облысындағы Шарын каньонының төменгі бөлігінде болған.

Сел салдарынан алты адам зардап шекті. Екі адам қайтыс болды, олардың бірі кәмелетке толмаған. Тағы бір адам жоғалып кетті.

Зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетілді. Қазір жоғалып кеткен адамды іздеу жұмыстары жалғасуда.

"Сел ауа-райының күрт өзгеруіне байланысты пайда болды. Шамамен он бес минут бұршақ жауғаннан кейін қысқа мерзімді қатты жаңбыр жауды. Нәтижесінде сел жүрді", - деді ҚР төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің 31 қызметкері, жедел жәрдем көлігі, әкімдік қызметкерлері мен полиция сол жерде жұмыс істеуде.

Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінде жедел штаб құрылды.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр