Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шарын шатқалындағы селден алматылық гимназияның мұғалімі мен оқушысы мерт болды

Шарын шатқалында №199 Алматы гимназиясының мұғалімі мен оқушысы көз жұмды. Тағы бір оқушыны іздестіру жұмысары жалғасуда, деп хабарлады ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.

"Мәліметтерге сүйенсек, экскурсияға барғандардың арасында 8 оқушы болған. Олар Алматы қаласының №199 гимназиясының оқушылары. Оларды бес оқушының ата-анасы және үш мұғалім ертіп жүрді. Оқиға салдарынан оқушы мен бейіндік пән мұғалімі қаза тапты. Мерт болғандардың отбасыларына қайғырып көңіл айтамыз және зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілейміз", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, із-түссіз жоғалған деп есептелген тағы бір оқушы табылды. Ол ауруханада қанағаттанарлық жағдайда жатыр.

Министрлік ата-аналардан балалармен демалуға, экскурсияға барғанда мүмкіндігінше абай болуды сұрайды. Сондай-ақ, су қоймаларына түспеу, қауіпті жерлерге бармау, әрқашан балалардың жанында болуға шақырды.


Алматы облысында оқушы көп қабатты үйдің шатырынан құлап мерт болды: Көршілері жағдайға билікті кінәлайды 


Айта кетейік, желіде оқушылар тобы сел өткен Шарын шатқалына экскурсияға барғаны туралы ақпарат таралған еді. Әлеуметтік желілерде сел кезінде зардап шеккендердің фотолары пайда болды.

Талқылау