Шардара су электр станциясы апатқа байланысты жұмысын тоқтатты
"Шардара су электр станциясы" жарық сөнуіне байланысты жүктемені 30 МВт-тан 0-ге дейін төмендетті. Бұл туралы "Самрұқ-Энерго" компаниясының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Шардара су электр станциясы" АҚ" ішкі жарық желілерінің өшуіне байланысты жүктемені 30 МВт-тан 0-ге дейін төмендетті", - делінген компания хабарламасында.
"АлЭС" АҚ мен Мойнақ су электр станциясы жүктемесін сақтап қалған. Қазіргі уақытта жүйелік оператор пәрменімен қуатты арттыруда.
"Самрұқ-Энерго" АҚ-ның солтүстіктегі қуатпен қамтамасыз етушісі – Екібастұз ГРЭС-і жүктемені еш ақаусыз орындауда.
Екібастұздың ГРЭС-1 станциясы 6 қуат блогы жұмыс істеп тұр. Жүктемесі 2 930 МВт, ал ГРЭС-2 станциясында жүктемесі 950 МВТ-қа тең екі қуат блогы жұмыс істейді.
Айта кетейік, түскі уақытта Алматы, Тараз, Талдықорған және Шымкент қалаларында бір уақытта жарық сөнген еді.
Қазақстан өзін электр энергиясымен толық қамтамасыз ете ала ма?: Ел неге дайын болуы керек
Маман: "Жарық өшсе қаланың қалыпты өмірін қанша уақыт сақтап қала аламыз"
Шымкенттегі алып қашу оқиғасы: Жігіттің туыстары оқиғаның мән-жайын айтып берді, ал қыз оны жоққа шығарып отыр
Қыз өзі келіп6 адам ұрлау фактісімен арыз жазды