"Шаңды дауыл және жаңбыр": Қазгидромет алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын жасады

Фото: Pixabay.com
Қазгидромет алдағы екі күн ауа райы тұрақсыз болады деп болжады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Синоптиктердің болжауынша, алдағы күндері Қазақстанның едәуір бөлігі оңтүстік циклонның құрсауында болады. Салдарынан жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, тіпті бұршақ жауады.
"10 мамырда солтүстікте және оңтүстік-шығыста, 10-11 мамырда республиканың шығысында, 11 мамырда батыста қатты жаңбыр жауады деген болжам бар. Республика бойынша жел күшейеді, Қазақстанның оңтүстік-батысында және оңтүстік облыстарында шаңды дауыл соғады", – делінген "Қазгидромет" РМК таратқан хабарламада.
Бірақ еліміздің кей жерлерінде аптап ыстық болады.
- Солтүстік-батыста түнде +20 дейін, күндіз +35 дейін.
- Солтүстікте түнде +17, күндіз +23 дейін.
- Оңтүстікте түнде +20, күндіз +37 дейін.
Елдің қалған бөлігінде алдағы күндері температура айтарлықтай ауытқымайды.
Қазақстандықтар круизбен әлем аралаймыз деп сотталған әйелге алданып қалған
Жаннаның өзі де InCruises-ке құдағиының шақыруымен барған
"1,5 миллион теңге сұрайды": Қазақстандық желі қолданушылары "7-20-25" бойынша үй кезегіне күмән келтірді
Кей азаматтар ипотекалық брокерлер арқылы кезекті жылдамдатуға болатынын, мұндай "қызметтің" құны кемінде 1,5 млн теңгеден басталатынын айтуда