Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шамалған тұрғындары Назарбаевтың қаңтар айының басында ауылға келіп қайтқанын айтты

Қазақстанның бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2,3 қаңтарда туған ауылы Алматы облысы Шамалған ауданына аман-есен келіп кеткен. Бұл туралы ауыл тұрғындары айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Московский Космсомолец басылымына сілтеме беріп. 

Шамалған ауылы, Московский Космсомолец

Басылым журналистері Шамалғанға аттанып, ауыл тұрғындарымен сөйлесіп қайтқан екен. 

Жергілікті таксистер ауылға көп бара бермейді екен, себебі өз өмірлері үшін қорқады, деп жазды басылымда.

Таксистердің сөзіне қарағанда, ауылдағы үйлерді арнайы қызметкерлер күзетеді, ескертусіз оқ атуы мүмкін.

Алматы тұрғындары да көлік жүргізушілері қауіптенетіндей жағдай бар дейді. 

“Ол жақта Назарбаевтың туыстары тұрады, үйлері қатаң бақылауда. Жақындауға, фотоға түсіруге болмайды. Бірінші президенттің туыстарының зиратын көзден таса жерде ұстайды, қатты бақылайды”, – дейді жергілікті халық. 



Басылымның мәліметінше, ауылда жаңадан қазылған қабір байқалмайды.

Шамалған ауылында төрт зират бар. Назарбаевтардың отбасылық зираты тау етегінде орналасыпты. 

“Мұндағы жер астындағы үйлердің ішіндегі ең үлкені – Назарбаевтар әулетінікі. Назарбаевтың әкесі, ағасы және жиенінің қабір тасы жасыл жамылғымен жабылыпты. Анасының қабірінен жамылғы түсіп қалған екен.

Қабірлердің бірі елбасының кіші інісі Болаттың әйелі, Гүлжанға арналған. Ол 2020 жылдың 29 маусымында дүниеден өткен. Баяғы уақытта жерленген қабірлерге назар аудардық. Жаңа қазылғандары жоқ”, – деп жазды басылымда.

Зират маңында тұратын тұрғындардың бірі қабірші ер адам жерлеу орындарына қарайласатынын жеткізді. 

“Нұрсұлтан Назарбаевты елдің бәрі іздеп жатыр” деген журналист сұрағында ол “бірінші рет естіп тұрмын” деп жауап береді. Оның сөзінше, Назарбаев 2-3 қаңтарда ауылға келіп, кетіп қалған. 

“Ол ауылда жоқ. 2,3 қаңтарда келді де, кетіп қалды. Содан кейін біз оны көрмедік”, – деді ол. 

Тұрғынның сөзінше, ауылда жерлеу рәсімін құпия түрде өткізу мүмкін емес. 

“Ауылда мұндай нәрсені жасыра алмайсың.

“Ешқандай құпия жерлеу рәсімдері болған жоқ. Бізде ешкімді құпия түрде жерлей алмайсың. Олардың отбасынан соңғы жерленген кіші інісі Болаттың әйелі болды. Ол да ауылда тұрған. Неден қайтыс болғанын білмедім. Мүмкін коронавирустан шығар”, – дейді ол.

Журналистің “Назарбаев тірі ма?” деген сұрағына зиратшы онда барлығы жақсы екенін, бұл ақпаратты адамдардан естігенін айтады. 

“Оның келгенін бірнеше көліктің келгенінен білдік. 2 қаңтарда нақты осында болды. Маған зиратқа келеді деп алдын ала ескертті. Біз бәрін дайындап, оны күттік. Бірақ жұмыстары болды ма екен, келмеді. Бізге түстен кейін ешкім зиратқа келмейді. Ал ол кеш келген көрінеді. Үлгермей қалды.

Мен оны көрген жоқпын. Бірақ оның жағдайы жақсы екенін көрген адамдармен сөйлестім. Кортеж, күзетпен әдеттегідей келді”, – дейді ол.

Орталықтағы жергілікті тұрғындар да тұңғыш президенттің ауылға келгенін нақтылады. 

Шамалғанда әкімшілік қызмет атқаратын тұрғын Назарбаев ауырып жүрген інісі Болаттың қал-жағдайын біліп кету үшін келгенін айтты. 

 

Талқылау