Шалқар көлінде немересімен бірге жоғалып кеткен ер адам табылды: Бала әлі іздестірілуде
БҚО-ның Теректі ауданы, Сары Өмір поселкесінде, Шалқар көлінде тоғыз жастағы бала үлкендердің қарауынсыз қалған. Жел тұрып, үрмелі матраста жатқан баланы көлдің ортасына дейін ұшырып әкеткен. Артынан 66 жастағы атасы жүзіп барғанымен, екеуі де жағаға қайта оралмады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Мой город" порталына сілтеме жасап.
Құтқарушылар атасы мен немересін тікұшақпен іздеді.
Шамамен алты сағаттан кейін ер адам қарсы беттегі жағадан табылды. Аман-сау, жағдайы бірқалыпты, ал бала әлі іздестірілуде.
Құтқарушылар тұрғындарды суда қауіпсіздік ережелерін сақтауға және балаларды қараусыз қалдырмауға шақырады.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар