Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Шалқамыздан құлай жаздадық": Мәдина Сәдуақасова күйеуімен қалай танысқаны туралы

Мәдина Сәдуақасова күйеуімен қалай танысқаны туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Белгілі әнші Мәдина Сәдуақасова күйеуі Олжас Смағұловқа қалай тұрмысқа шыққаны туралы айтып берді. Өнер иесі күйеуімен жолықтырған "Хабар" арнасының ұжымымен түскен суреттерін жүктеп, ұжымдағылар қалай таңқалғанын есіне алды.

"Олжас екеумізді жолықтырған " Хабар" арнасының ұжымында кеше той болды. "Олжас Мадина Садуақасоваға үйленейін деп жатыр дегенді естіп, бәріміз шалқамыздан құлай жаздадық" деп тойдың алдындағы әңгімелерді еске түсіріп жатыр ғой бәрі", - дейді Мәдина Сәдуақасова. 

Телеарнада танысқан жұп бүгінде бір баланың ата-анасы атанған. Мәдина Сәдуақасованың күйеуі "Хабар" арнасының режиссері болған екен. Естеліктерді көрген жұрт желіде тілектерін білдіріп, ойларын ортаға салды. 

"Сұлу анасына ұқсайтын кішкентай қыз туыңыз", "Жарасымды жұп. Әнуардың қызығын көріңіздер", "Мәдина, Олжас екеуің бақытты болыңдар", "Олжас өте батыл жігіт", "Күйеуім группаласының Мадина Садуақасоваға үйленгенін естігенде шок болды", - деп жазды жұрт.


"Байсыз қаласың": Ашық-шашық киінген Мәдина Сәдуақасованы жұрт сынға алды >>>
Талқылау