«Шахтер» құрамындағы Қазақстан чемпионы келісілген матч үшін өмір бойына спорттан шеттетілді
Белорусь футбол федерациясы келісілген матчты ұйымдастыруға қатысқан 28 адамға, олардың ішінде футболшыларға, жаттықтырушылар мен ұйымдастырушыларға қатысты шешім шығарды.
Бұл туралы Sport.kz-ке сілтеп, Stan.kz хабарлайды. Санкцияға іліккен футболшылар қатарында Қазақстан Премьер-Лигасының екі ойыншысы бар.
Олар қарағандылық «Шахтердің» бұрынғы қорғаушысы Андрей Порываев пен қостанайлық «Тобылдың» бұрынғы шабуылшысы Александр Алумона. Алумона екі жылға спорттан шеттетілсе, Порываев өмір бойына «қара тізімге» ілікті. Беларусь чемпионатының келісілген матчына «Ислочь», «Лучь», «Ошмян-БГУФК» және «Гранит» футболшыларының да қатысы болған.
Сондай-ақ, Андрей Порываев 2011-2015 жылдары «Шахтерде» құрамасында ойнап, қарағандылық команданың құрамында екі рет Қазақстан чемпионы болған. Ал Александр Алумона 2013 жылы «Тобылда» ойнаған.
Жіберіп алмаңыз:
Қытай спортшыларының бірдей екенін айтқан комментатордың басы бәлеге қалды
Қызылордада бастауыш сыныптардың сабағы тоқтатылды
Ойын алаңында орналасқан ағаш дәретхана оралдықтарды ашуландырды
МС Сайлаубекті сынақ кітабына енгізген автор жұрттан кешірім сұрады