Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шаханов: Үшінші әйеліммен тұрып жатырмын, бірақ өмірде махаббат биігінде жолығатын әйелді кездестірмедім

Ақын қазіргі жастардың біліміне көңілі толмайтынын, дарынды ақын бар да, дарынсыз ақын бар екенін айтып ашынды. Махаббат тақырыбын, азаматтық позициясы жайлы сөз қозғады.

Мұхтар Шаханов

Мұхтар Шаханов журналист Аман Тасығанның Talk like бағдарламасында қонақта болып, өмірі мен шығармашылығына қатысты әңгімелесті.

Мұхтар Шаханов балаларына, немерелеріне тек қазақ тілін үйрететінін, қазақ тілін білмейтін немересінен бас тартатынын айтты.

“Бұрын қалада жалғыз қазақ мектебі болды. Ол кезде қаланың шетінде тұрдым. Сонда да балаларым қазақ тілінде оқу үшін қаланың екінші шетіндегі сол мектепке  апарып оқыттым. Балаларыма, немерелеріме “қазақ тілін білмеген, қазақша ойлай алмайтындарың менің балам емессіңдер” деген талап қойдым. Сондықтан балаларымның бәрі осы ұстанымда”, – дейді ақын.

Ақын журналистің «Сүйген адамыңызды кездестіріп, махаббат шыңына көтерілдіңіз бе?» деген сұрағына жауап берді.

«Жас кезімде Түлкібаста сүйген қызым болды. Пойызбен өткенде, сол жерде тоқтап кездесетінбіз. Кейіннен ол стансаға  пойыз тоқтамайтын болыпты. Оны білген жоқпыз. Сонда жүріп бара жатықан пойыздан секірем деп ол қыз пойыз астына түсіп өлді. Қасындағы қыз аяғын сындырды. Ол қыз тірі болғанда махаббат шыңына бірге шығар ма едік деп ойлаймын. Қазір үшінші әйеліммен тұрам. Үш әйел алдым. Бірақ сана бігінде жолығатын әйелді кездестірмедім», – деді ақын.

Тағы да оқыңыз:

Басы дауға қалған Мұхтар Шаханов: Шындықты айтқаным үшін кешірім сұраймын

Орынбасары: Шаханов жас келіншекпен көңілдес дейді, бірақ жаланы да қисынын тауып айту керек қой

Мұхтар Шаханов Оразалинді «Қоразалин», Оразалин Шахановты «Шакалов» деп атады

Талқылау