Шахматшы Бибісара Асаубаева Гран-при жарысында жеңіске жете алмай келеді
Қазақстан құрамасының шахматшысы Бибісара Асаубаева Монакода өтіп жатқан FIDE Гран-при жарысында күтпеген жерден жеңіліп қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Gov.kz
Ресей спортшысы Александра Горячкинамен кездесу бес жарым сағатқа созылды. Нәтижесінде Асаубаева бұл партияда жеңіліс тапты.
Бибісара Монакодағы бәсекеде бұған дейін екі ойын өткізіп, екеуінде де тең нәтиже тіркеді. Әзірге отандасымыз Гран-при жарысында жеңіске жете алмай келеді. Қазір Асаубаева турнирлік кестеде 1 ұпаймен 9-орында келеді.
4-турда Бибісара Асаубаева Индия елінің аруы Харики Дроноваллиге қарсы ойнайды.
Шымкентте әйелін аяусыз соққыға жыққан ер адам тек 25 күнге қамалды
Шымкентте әйелін соққыға жыққан ер адам 25 күнге сотталды
"Ауруханаға өз аяғымен кіріп, табытпен шықты": Қызылордалық ер адам анасының өліміне дәрігерлерді айыптады
Іс бойынша реаниматолог, нейрохирург, кардиолог және учаскелік дәрігердің әрекеттеріне қатысты күдік бар

