Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Серуендеуге шыққан екі баланың анасы құлап қалып, 36 сағат бойы көмек сұраған (фото)

26 жастағы Синтия Чарти серуендеп жүрген кезінде шахтаға түсіп кетіп, ол жерде бір күн, екі түн өткізген, деп хабарлайды Daily Mail басылымына сілтеп Stan.kz.

Синтияның күйеуі – тау-кен өнеркәсібінің жұмысшысы. Сондықтан ерлі-зайыптылар шахта маңындағы ауылдарда жиі түнеп шығатын болған. Кешкі серуен кезінде Синтия 8 метр тереңдіктегі тау шахтасына құлап кеткен. Күйеуі жанында болмағандықтан, әйел адамның өзгелердің көмегін күтуден басқа амалы қалмапты.

«Сенбі күні өте ыстық болды. Ауа температурасы 40 градусқа дейін көтерілді. Біз Синтияны бір жерде адасып кеткен екен деп ойладық», – дейді Синтияның анасы.

Полиция Синтияны бір күн іздестіргеннен кейін, жылу тетігі бар арнайы дрондардың көмегіне жүгініпті. Жексенбі күні роботқа шахаталардың бірінен сигнал түсіпті. Құтқарушылар арнайы көтергіш блоктардың көмегімен Синтияны шахтадан шығарып алған.

«Оны жолы болды. Шахтадағы ауа температурасы 22 градус жылы болған. Бәлкім, ол шахтада өткізгені алғашқы түнде ғана тоңған болар», – дейді инспектор Дэвид Чеклей.

Құтқарушылар Синтияны ауруханаға жеткізген. Бұл кезде оның жағдайы қалыпты болған. Ауруханада әйелге медициналық көмек көрсетілді. Зардап шеккен әйелдің палатасына күйеуі мен екі баласы түгел келіпті. Қазіргі уақытта Синтияның өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ.

Оқи отырыңыз:

70 жастағы әжей алаяққа ессіз ғашық болып, 225 мың АҚШ долларын беріп жіберген

Брюс Лиден айнымайтын жігіт табылды (видео)

Жабайы маймылдар жапониялық киіктермен жаппай жыныстық қатынасқа түсіп жатыр (видео)

85 жастағы қария салық төлемеу үшін гей болып кетті

Талқылау