Сенат депутатығы үшін бір орынға 5 үміткер таласады
Бүгінгі күнге дейін сенат депутаты болуға 88 адам ұсынылған. Бұл туралы Нұр-Сұлтанда өткен Орталық сайлау комиссиясының отырысында ведомство басшысы Берік Имашев айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Депутаттардың сайлау науқаны басталғалы бері бүгінге дейін 88 адам ұсынылды. Орташа алғанда бір депутаттық орынға бес адам үміткер болып тұр. Ұсыну мерзімі 12 шілде күні сағат 18.00-ге дейін жалғасады. Ұсыну кезеңінің соңғы қорытындыларын жеке отырыста қарастырамыз", - деді ол.
Бқған дейін сенат депутаттығына үміткерлерге бюджеттен 450 мың теңге бөлінетіні белгілі болды.
Айта кетейік, Қазақстан сенатына сайлау 12 тамызда өтеді. Кандидаттарды тіркеу барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және 23 шілдеде сағат 18-де аяқталады.
Талқылау
Республика күнінің маңызы не, мерекені не себепті қайтарды – Саясаттанушылар жауап берді
1990 жылы 25 қазанда еліміздің мемлекеттік егемендігі туралы декларация қабылданған
"9 жаста етеккірі келіп, мастурбация жасайды": Қазақстандық ата-аналар балаларындағы ерте жыныстық жетілу белгілеріне алаңдаушылық білдірді
Маман: “Ата-аналар баласының желіден не көріп жүргенін бақыламайды”