Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сенат депутаттығына үміткерлерге бюджеттен 450 мың теңге бөлінеді - Орталық сайлау комиссиясы

Сенат депутаттығына әр үміткерге бюджеттен 450 мың теңгеден бөлінеді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Сәбила Мұстафина мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

сенат "ОСК өз қаулысында Қазақстан парламенті сенатының депутаттығына кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан өтелетін шығын көлемін – 450 мың теңге көлемінде белгіледі", - деді Мұстафина.

Қаражат келесідей шығындарға бөлінеді:

  • теледидардан, радиодан бағдарламалармен сөз сөйлеу және мерзімді баспа басылымдарында екі мақала жариялау – 300 000 теңге;
  • сайлау алдындағы көпшілік іс-шараларды өткізу және үгіт материалдарын шығару - 70 000 теңге;
  • көлік шығындары - 80 000 теңге.

Мұстафинаның айтуынша, парламент депутаттығына үміткерлердің шығындары оларға тең мүмкіндіктер беру үшін республикалық бюджет қаражатынан қаржыландырылады, бұл конституциялық заңда жазылған.

"Егер кандидат бөлінген қаражатты жұмсамаса, онда ақша бюджетке қайтарылады. Әр өңірде кандидаттар карантиндік шараларды сақтауы және эпидемиологиялық жағдайды ескеруі тиіс",- деп атап өтті ол.

Бұған дейін Орталық сайлау комиссиясы сенат депутаттарының кезекті сайлауын әзірлеу мен өткізуге жұмсалатын шығындарға республикалық бюджеттен 254,7 миллион теңге (630 мың доллар) қарастырылғанын хабарлады. 

Мұстафина осыдан алдыңғы сайлау науқанында сенат депутаттығына кандидаттардың әрқайсысына осы мақсатқа 400-600 мың теңге бөлінгенін атап өтті.

Айта кетейік, Қазақстан сенатына сайлау 12 тамызда өтеді.  Кандидаттарды тіркеу барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және 23 шілдеде сағат 18-де аяқталады.


 

Талқылау