Семейдегі машина зауыты бұрын пайдаланылған танк қозғалтқыштарын жеткізіп келген
"Семей машина жасау зауыты" АҚ лауазымды тұлғаларының 1 миллиард теңгеден астам қаражатты ұрлағаны анықталды. Олар танкіге арналған жаңа қозғалтқыштар орнына пайдаланылған қозғалтыштар жеткізіп келген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Семей машина жасау зауыты" АҚ лауазымды тұлғаларының 1 миллиард теңгеден астам қаражат ұрлағаны анықталды. Ұрлық қосалқы бөлшектер құнын асыра бағалау және еліміздің әртүрлі әскери бөлімдерін бұрын пайдаланылған танк қозғалтқыштарымен, сондай-ақ танк шлемофондарымен қамтамасыз ету арқылы жасаған. Тергеу барысында зауыт директорының бірінші орынбасары Сүлейменов Қ.Р. танктерге арналған жаңа қозғалтқыштардың орнына 1985-2012 жылдары шығарылған қозғалтқыштарды жеткізуді ұйымдастырғаны анықталды", – делінген хабарламада.
Семей қаласы сотының үкімімен Қ.Сүлейменов айыпты деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі