Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Семейде тұрғындардың үрейін ұшырған елес қыз ұсталды

Семейде қансыраған елес болып киініп, жер асты өткелінде тұрғындарды қорқытқан бойжеткен ұсталды. Ол осылайша адамдардың үрейленген түрін видеоға түсірген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Аbainewskz парақшасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Сурет Аbainewskz парақшасынан алынған

Оқиға өткен жексенбіде қаладағы жер асты өткелдерінің бірінде орын алған. 22 жастағы бойжеткен қала тұрғындарын бұрыштан шығып шошытса, жанындағы досы адамдардың реакциясын видеоға түсірген.

Мұндай әзіл семейліктерге мүлде ұнамады. Олар әлеуметтік желіде полицияға жаппай шағымдана бастаған.

Кейін полицейлер елес қызды тауып, жеке басын анықтады.

"Оның үстінен ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінде - ұсақ бұзақылық бойынша құқық бұзушылық жасағаны үшін айыпталды. Сот шешімімен ол кінәлі деп танылып, 69 000 теңге айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - деп хабарлады Абай облыстық полиция департаменті.

Жастар бұл әрекетті жергілікті квест-бөлмені жарнамалау үшін ұйымдастырған. Ал елес болып ойнаған қыздың актерлік шеберлігін бағалағандар да болыпты.

Талқылау