Семейде той кезінде шеруге шыққан көліктер жол ережесін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды
Семейде той кортежіне қатысып, шеруге шыққан көліктерге 16 әкімшілік хаттама толтырылып, 160 мың теңгеден астам айыппұл салынды. Олар жол ережесін өрескел бұзған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Yk-news.kz басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Сурет видео кадрларынан скринделген
Семейдегі жедел басқару орталығындағы камералар үйлену тойының кортежінде үш көліктің қатысуымен жол ережесін бұзу фактісін түсіріп алған.
"Автокөлік жүргізушілеріне Әкімшілік кодекстің бес бабы бойынша, оның ішінде қауіпсіздік белдіктерін пайдалану, жолаушыларды тасымалдау ережелерін бұзғаны, төтенше жағдай туғызғаны және көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - деді Абай облыстық полиция бөлімі.
Тәртіп бұзушыларға 16 хаттама толтырылып, көліктер уақытша ұстау изоляторына жіберілді. Айыппұлдың жалпы сомасы 160 989 мың теңгені құрады.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар