Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда сүйіктісін көлікпен басып өлтірген жігітке қатысты сот үкімі шықты

Семейде сүйіктісін көлікпен басып өлтірген жігітке қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото видеодан алынды

Болған оқиғадан кейін 33 жастағы Диана Сүлейменова комаға түсіп, артынша көз жұмды.

Сот күдіктіні қылмыстық кодекстің “Өлімге алып келген денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру” бабы бойырша  кінәлі деп тапты. Ол 9,5 жылға бас бостандығынан айырылды. 

Одан жәбірленуші тараптың пайдасына 12 млн теңгеден астам – материалдық залал мен моральдық зиян өндірілді. 

Сот ауырлататын және жеңілдететін жағдайлардың жоқтығын, ер адамның оң сипаттамасын, соттылықтың жоқтығын және кінәні ішінара мойындауды ескерді. 

"Мен жасаған қылмыстан жалтармаймын, жазамды аламын. Бірақ мен алға тартқан дәлел-дәйектерді ескере отырып, үкім шығаруыңызды сұраймын", – деді айыпталушы.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Еске салсақ, Семейде жігіт сүйіктісін көлікпен басып кетті. Қыз комада 15 сағат жатып, көз жұмған.

Талқылау