Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Семейде шырша безендіру кезінде құлаған мұғалім ауруханадан шығарылды

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Семейде шырша безендіру кезінде құлаған мұғалім ауруханадан шығарылғанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

мұғалім

Фото: Stan.kz

Министрдің сөзінше, бұл жағдай толығымен әкімдіктің және өзінің бақылауында екен. 

"Ол емделіп, қайта қалпына келуі керек. Қажет шұғыл шаралар қабылданды. Кінәлілер жазаланды, бұл барлығына сабақ болуы керек. Әкімдік мұны өндірістік жарақат деп тани ма, танымай ма тергеу аяқталған соң шешіледі. Өтемақы төлеу бойынша жұмыс жалғасып жатыр. Қазір бұл мәселе шешу кезеңінде… Бүгін ол ауруханадан шықты. Жағдайы қанағаттанарлық, сондықтан әрі қарай әріптесіміздің жұмыс орнына оралуына қолдау көрсетеміз", – деп түсіндірді Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев.

Ал премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенованың сөзінше, азамат ресми түрде жұмысқа қабылданса, онда ол өндірістік жарақат деп танылады. 


  • Семейде шырша әрлеймін деп биіктен құлаған мұғалім қызметіне орала ала ма – Денсаулық сақтау министрлігі жауап берді

Еске салайық, 21 желтоқсанда Семейде шыршаны әрлеу кезінде мұғалім әрі жазушы Қуат Айтқали биіктен құлап, ауыр жарақат алған еді. Бұл жағдайдан кейін оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев жағдайға байланысты пікір білдіріп, ұстаздарды міндетіне кірмейтін қызметке жұмсауға болмайтынын ескертті.

Талқылау