Семейде қоғамдық екі әжетхана құны 18 млн теңгеге бағаланды
Семейдің көшелерінде жалпы құны 18 млн теңге болатын екі әжетхана пайда болуы мүмкін. Шаһар басшылығы оларды адам көп жүретін қоғамдық орындарға қоймақ, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап.

Заманауи үлгідегі дәретханалар салынған жағдайда оларды қолдану ақылы болады. Алайда бағасы әзірге белгісіз. Жауапты мамандар бұл нысандарда жылу жүйесі болатынын айтып отыр. Яғни қысы-жазы қолданысқа жарамды.
Айта кету керек, қала аумағында әзірге бір ғана тегін әжетхана бар. Оның өзі Ертіс өзенінің жағасында тұр.
"Бұл жобалар жуық арада павильон түрінде жүзеге асуы мүмкін. Мұнда дәретхана және қызметшілерге арналған екі есік болады", - деді қалалық ТКШ бөлімінің сектор меңгерушісі Асан Дүйсембаев.
Әжетханалардың оң және сол бөлігі мүмкіндігі шектеулі тұрғындар үшін арнайы сантехникамен жабдықталған.
“2 миллиард теңгеге жуық“: Қазақстан өңірлері 2026 жылды қарсы алуға қанша қаражат жұмсайды?
Алайда биыл елордалықтар жергілікті бюджет қаржысын үнемдеген көрінеді
"Өліп қала жаздаған кездерім болды": Қарызға батып жезөкше болған қазақстандық табысы туралы айтты
Ләйлә: "Жетім қыздар, күйеуге шығайын деп жүргендер, бұрынғы күйеуінің несиесін төлеп жүргендер бар"