Семей тұрғыны өз үйінің жертөлесінен екі мәйіт тауып алды
Семейде жеке үйдің қожайыны полицияға хабарласып, екі мәйіт тауып алғанын айтқан. Хабарлағандай әйел екі адамның мәйітін өз үйінің жертөлесінен тапқан.

Бұл туралы Шығыс Қазақстан облыстық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлайды.
Қайтыс болғандардың бірі – әйелдің азаматтық күйеуі екен. Полицейлер тексеру кезінде қайтыс болғандардың бірінің 20 пышақ жарақатын алғанын анықтады. Ал екіншісі мойын жағынан екі ауыр жарақат алған.
Қожайынның сөзінше, ол бірнеше күн бұрын әпкесінің үйіне кетіп қалып, бірге тұратын ер адамы үйде қалған. Осы уақыт ішінде не болды, ал екінші қайтыс болған адам өзінің азаматтық күйеуіне кім болып келеді, әйел бұл туралы айтып бере алмады.
Қазіргі таңда полиция қылмыстық істі тексеріп жатыр.
Оқи отырыңыз:
Батыс Қазақстанда балаға қасқыр шапты
Қостанай облысында полицейлер жанып жатқан үйден әйел мен үш баланы алып шықты
Павлодарды "біздікі" деген ресейлік стример Fassoollka жауапқа тартыла ма? Заңгер түсіндірді
Ресейлік стример Fassoollka-ға мемлекет неге үнсіз және оны қандай жаза күтіп тұр?
Қазақстандық сызылған пауэрбанкіне байланысты ұшаққа отыру кезінде қиындыққа тап болды
Әуежай өкілі: "Құрылғының бұған дейін әуе көлігімен бірнеше рет тасымалдануы қауіпсіз екеніне кепілдік бермейді"