Семей қаласында 18 жастағы қыз із-түзсіз жоғалып кетті
Семей қаласында із-түзсіз жоғалған 18 жастағы қыз іздестірілуде, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Румия Нысанбекова 10 наурызда із-түссіз жоғалып кеткен.
"18 жастағы қыз үйінен белгісіз бағытта шығып, сол күйі хабар-ошарсыз кетті. Сол күні үстіне қара-жасыл түсті күртеше мен сары қалпақ киген. Сондай-ақ қолында қара сөмкесі болған", – деп хабарлады ведомство өкілдері.
Қазіргі уақытта іздестіру шараларына полицейлер мен еріктілер тартылған. 13 наурызда отызға жуық адам оны дронмен іздеді.
Осы ретте, полиция қызметкерлері бойжеткеннің қайда екендігі туралы қандай да бір мәліметі барларға 8(747)349-57-17,8(771)349-57-17 нөмірлеріне немесе "102" жедел арнасына хабарласуға шақырды.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі