Қазақстанның қай өңірлері экологиялық апат аймағына кіреді? Ол жерде тұратындарға қандай жеңілдіктер қарастырылған?

Қазақстанның төрт облысы экологиялық апатты жағдайдағы аймақ ретінде танылған. Олар қауіптілігі бойынша арнайы деңгейлерге бөлінеді. Соған орай жәрдемақы төленіп, жеңілдіктер қарастырылады. Stan.kz тілшісі жеңілдіктер мен жәрдемақы мөлшерін анықтады. 

Елімізде табиғи экологиялық жүйелері бұзылып, қоршаған ортаның тозуы орын алған, экологиялық ахуал салдарынан халықтың денсаулығына елеулі зиян келген экологиялық апат аймағына - Қызылорда, Ақтөбе, Қарағанды, Түркістан облыстарының кейбір өңірлері жатқызылған. 

Бүгінге дейін экологиялық апат аймақтарында тұратын әйелдер және балалар арасында асқазан-ішек аурулары мен қан аздығы, балалардың шетінеуі мен туа біткен патологияның жоғары деңгейі байқалуда. Қазіргі таңда елдің ішкі қауіпсіздігіне қатерді жою мақсатында экологиялық апат аймақтарында тұратын адамдарға бірқатар жеңілдіктер қарастырылып, олардың денсаулығын қалпына келтіруге жағдай жасалып жатыр. 

Экологиялық апат аймағына жататын өңірдердің барлығына бірдей бірқатар жеңілдіктер қарастырылған: 

- Зардап шеккендерге жататын азаматтар қарттар және мүгедектерге арналған интернат үйлерде орындармен қамтамасыз етіледі;

- Экологиялық апат аймағында бес жылдан кем емес жұмыс істегендерге бірінші кезеке пәтер беріледі;

- Аймақтың барлық халқын кешенді түрде медициналық тексеруден өткізіп отыруға, тиісті денсаулық сақтау органдарының жолдамаларымен республиканың барлық клиникаларында, медицина орталықтарында және басқа медицина мекемелерінде медициналық-санитариялық және медициналық-әлеуметтік көмек көрсетіледі; 

- Экологиялық апат себебі бойынша І және ІІ топтағы мүгедектер Қазақстан Республикасының республикалық маңызы бар қалалалары,  облыс орталықтарын қоспағанда жаңа тұрғылықты жері бойынша бірінші кезекті тұрғын үй алуға құқылы.

Экологиялық дағдарыс аймақтардың өзі бірнеше топқа бөлінеді. Қауіптілігі жоғарғы аймақтарға берілетін жәрдемақы мөлшері мен жеңілдіктер қатары көп.


1. Экологиялық апат аймағы:

  • Қызылорда облысына қарасты Арал және Қазалы аудандары; 
  • Ақтөбе облысы Шалқар ауданы жатқызылған. 

Экологиялық апат аймағынан зардап шеккендердің қатарына 1970 жылдан бастап қазірге дейін тұрған немесе қазір тұрған адамдар жатады. Оның ішінде 10 жасқа дейінгі балалар да бар. Оған қоса, экологиялық зардаптың әсерінен денсаулығынан айырылған осы өңірде үш жылдан кем емес уақыт тұрған немесе қазір де тұратын адамдар зардап шеккендер қатарына кіреді.

Жәрдемақы: 

- 12 күнтізбелік күн + 1 айлық жалақы мөлшерінде сауықтыруға материалдық көмек; 

- 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін зейнетке шыққандарға коэффициент - 1,5;

- Қосымша еңбек ақы, стипендия - 1,5 коэффициент. 


2. Экологиялық дағдарыс аймағына - Қызылорда және Байқоңыр қаласы, соның ішінде оның әкімшілік-аумақтық бағынысына кіретін елді мекендер, Арал және Қазалы аудандарынан басқа Қызылорда облысының өңірлері жатқызылады. 

Экологиялық апат аймағынан зардап шеккендердің қатарына - аумақта 1975 жылдан бастап 15 жылдан кем емес тұрғандар немесе тұратын  азаматтар жатқызылады. Зардап шеккен балаларға 15 жасқа дейінгі балалар да кіреді. Сонымен қатар, экологиялық зардаптың әсерінен денсаулығынан айырылған осы өңірде бес жылдан кем емес уақыт тұрған немесе қазір де тұратын адамдар зардап шеккендер болып есептеледі. 

Жәрдемақы: 

- 9 күнтізбелік күн + 1 айлық жалақы мөлшерінде сауықтыруға материалдық көмек; 

- 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін зейнетке шыққандарға коэффициент - 1,3;

- Қосымша еңбек ақы, стипендия - 1,3 коэффициент. 


3. Экологиялық дағдарыстан кейінгі жағдай аймағы:

  • Байғанин, Ырғыз, Мұғалжар аудандары, Ақтөбе облысының Темір ауданы.
  • Арыс, Отырар, Созақ, Шардара аудандары және Түркістан, Арыс қалалары. Түркістан облысы, Кентау қаласының Шаға, Жаңа-Иқан, Ескі Иқан, Үшқайық, Яссы, Оранғай, Қарашық, Жүйнек, Бабайқорған, Шорнақ, Жібек Жолы, ​​Майдантал ауылдық округтері; 
  • Қарағанды облысы Улытау ауданы. Жезқазған облысының бұрынғы Жезді ауданының елді мекендерінің шекаралары шегі. 

Зардап шеккендер қатарына - аталған өңірлерде 1975 жылдан бастап 20 жылдан кем емес уақыт тұрған немесе тұратын азаматтар жатады. Оған қоса, 18 жасқа дейінгі балалар да есепке алынған. Сонымен қатар, экологиялық зардаптың әсерінен денсаулығынан айырылған осы өңірде жеті жылдан кем емес уақыт тұрған немесе қазір де тұратын адамдар зардап шеккендер болып есептеледі. 

Жәрдемақы: 

7 күнтізбелік күн + 1 айлық еңбекақы мөлшерінде сауықтыруға медициналық көмек қарастырылған; 

- Қосымша еңбек ақы, стипендия - 1,2 коэффициент. 

Оған қоса, елімізде Семей облысының барлық аумағы, полигонға жақын жатқан Павлодар, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облысының барлық аумағы радиациялық қауіп аумағы ретінде танылған.

Бұл аймақтарда тұратын, жұмыс істеген немесе қызметтен өткен адамдарға Қазақстанның барлық мемлекеттік денсаулық сақтау мекемелерінде кезектен тыс мамандандырылған медициналық көмек көрсетіледі. Оған қоса, 1949 жылғы 29 тамыздан 1963 жылғы 5 шілдеге дейін 5 жылдан кем емес мерзімде төтенше және жоғары радиациялық қауіп аймақтарында тұратын азаматтар зейнетақы төлемдері тағайындалады. 

Төтенше радиациялық қауіп аймағына - Абай ауданының Саржал ауылдық округі аймақтарына жататын территориялар, Бесқарағай ауданының Долон ауылдық округі, Сарапан және Иса-Жанасемей ауданындағы елді мекендер жатады.  

Радиациялық ықпалға ұшыраған аумақта тұратын халыққа қосымша еңбек төлемі - 2 АЕК (5834 теңге). Сонымен қатар, жыл сайын 14 күнтізбелік күн есебінде төленетін демалыс қарастырылған. 

Барынша көп радиациялық қауіп аймақтарына - Абай, Бесқарағай, Жаңасемей аудандарының елді мекендерінің аймақтарына қатысты аумақтар, Семей қаласының Ақбұлақ, Абралинский, Алгабасский, Айнабулакский, Караоленский, Танацкий ауылдық округтері жатады. Сонымен қатар, Павлодар облысының Ақжар, Майдар ауылдық округтері,  Май ауданы енгізілген.

Қосымша еңбек төлемі  - 1,75 АЕК (5104,75 теңге) және жыл сайын қосымша 12 күнтізбелік күн ақылы демалыс  беріледі. 

Жоғары радиациялық қаупі бар аймақтарға - Бородулихин, Жармин, Аягөз, Глубоковский, Шемонаиха, Улан аудандары, Семей, Курчатов, Өскемен және Риддер елді мекендері кіреді. Оған қоса, Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының қысқартылған Қазыбек би ауданы аумағының шегінде және Павлодар облысы Май ауданы жатады.

Қосымша төленетін жалақы мөлшері  - 1,5 АЕК - (4375,5 теңге). Жыл сайынғы қосымша ақылы демалыс - 10 күнтізбелік күнді құрайды. 

Радиациялық қаупі төмен аймақтарға - Үржар, қысқартылған Таскескен, Көкпекті, Ақсуат, Алтай, Зайсан және Тарбағатай аудандары, Қарағанды облысының Қарқаралы ауданы, қысқартылған Қазыбек би ауданы аумағы, Павлодар облысы Аққулы ауданы жатады. 

Радиациялық ықпалға ұшыраған аумақта тұратын халыққа қосымша еңбек төлемі - 1,25 АЕК (3646,25). Жыл сайынғы ақылы қосымша демалыс - 7 күнтізбелік күн.

1949 жылдан 1949 жылға дейін жеңілдікті әлеуметтік-экономикалық мәртебесі бар аумақ - Павлодар облысының Баянауыл ауданы.  Қосымша жалақы - 1 АЕК (2917 теңге) құрайды. Жыл сайынғы қосымша ақылы демалыс - 5 күнтізбелік күн. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр