Ақтөбеде селфиге түсіп тұрған қызды пойыз басып кетті
Күні кеше Ақтөбедегі Авиақалашық теміржол ауданында селфи түсірген қызды пойыз қағып кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ДП баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"Түнгі 23: 00-де екі қыз келе жатқан пойыз жанында селфи түсірген. Нәтижесінде пойыз қыздардың бірін қағып кетті. Зардап шеккен қызды медициналық жедел жәрдем ауруханаға жеткізгенмен, таңертең көз жұмды", - деді ДП баспасөз хатшысы Ерболат Сарқұлов.
Осыған байланысты полицейлер ақтөбеліктерді темір жол маңында және автожолдарда сақ болуды ескертеді.
Тек қараша айының өзінде Ақтөбе облысында 43 жаяу жүргінші зардап шегіп, оның ішінде 6 адам қаза болып, 39 адам жараланған. Жыл басынан бері 17 адам қаза болып, 300 адам жараланды. 304 жаяу жүргіншілерден 108-і жаяу жүргіншілер өткелінде, қалған 196-і белгіленбеген орындарда апатқа ұшыраған.
"Қызым 6 айдан бері оқуға бара алмады": Қаскелеңде автобус қағып кеткен студенттің анасы істің жабылғанына наразы
СДУ алдында автобус қызды қағып кеткен, алайда полиция істі көп ұзамай жауып тастаған
Ақтөбеде жасөспірімнің ата-анасы ер адамды ұлымен бірнеше рет жыныстық қатынасқа түсті деп айыптады
Полиция: "Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр"