Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сайлаудың алдын ала қорытындысы жарияланды: Тоқаев 81,31% дауыс жинаған

Орталық сайлау комиссиясы сайлаудың алдын ала қорытындысын жариялады. Ең көп дауысты Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жинаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, сайлаушылар тізіміне 11 953 465 қазақстандық енгізілген. Соның ішінде 8 300 046 сайлаушы немесе 69,44%-ті дауыс берді.

Сайлауға түскен 6 кандидаттың ішінде ең көп дауысты қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаев жинады.

Сонымен бірге сайлаушыларға осы жолы "Бәріне қарсымын" деген тармақты таңдау мүмкіндігі берілді.

Алдын ала қорытынды бойынша, президенттікке үміткерлер мынадай дауыс жинады:

Қасым-Жомарт Тоқаев (Халықтық коалиция атынан) – 81,31% немесе 6 456 392 адам;

Мейрам Қажыкен ( "Аманат" республикалық кәсіподақтар бірлестігі) – 2,53% немесе 200 907 адам;

Жигули Дайрабаев ("Ауыл" партиясы) – 3,42% немесе 271 641 адам;

Қарақат Әбден ("Кәсіби әлеуметтік жұмысшылар ұлттық альянсы" республикалық қоғамдық бірлестігі) – 2,6 % немесе 206 206 адам;

Салтанат Тұрсынбекова ("Қазақ аналары – дәстүрге жол" республикалық қоғамдық бірлестігі) –2,12 % немесе 168 731 адам;

Нұрлан Әуесбаев (Жалпыхалықтық социал-демократиялық партиясы) – 2,22 % немесе 176 116 адам дауыс берді.

460 484 азамат “бәріне қарсы” нұсқасын таңдаған, олардың саны 5,8 %-ды құрады. 

Айта кетейік, кеше 20 қарашада елімізде кезектен тыс президент сайлау өтті. Барлық өңірде 10 033 учаске жұмыс істеді. Ал шет мемлекеттердегі Қазақстан өкілдіктері жанындағы 68 учаске құрылған.

Еліміздегі бүкіл сайлаушылардың 69 пайызы немесе 8 млн 282 мыңнан астам адам өз таңдауын жасаған.

Талқылау