Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Саят Медеуовтің анасы қайтыс болды

Қазақ эстарадасының әншісі, белгілі өнер иесі Саят Медеуовтің анасы өмірден озды. Қаралы хабарды өнердегі досы Мейрамбек Бесбаев жариялады. 

"Қадірлі досым, бүгінгі суық хабар жанымды жылатып, жүрегімді езіп кетті. Саят бауырымның анасы Нұрғайша апамыз қайтыс болды. Елге барғанда еміреніп бауырына басып, балаларым келді деп бар мейірімін төгіп күтетін, кең жүректі асыл адам еді. Досым, бар адамзат жиылып келіп мейірін төксе де анаңның орнын баса алмайды. Алланың жазғанына адамның көнбеске шарасы бар ма. Анамыздың иманы жолдас болсын. Барша ағайын-бауырға қайғыра көңіл айтамын", - деп жазды Бесбаев.

Желі қолданушылары мен өнердегі әнші достары көңіл айтып, сабырлық тіледі. 

"Алла рахымына бөлесін!", - деп жазды Мұхамеджан Тазабек.

"Иманды болсын", - деді Қанат Әлжаппаров.

"Асыл ананың жаны жәннатта болсын!", - деді Бүркіт.

"Иманды болсын", - деп жазды Айгүл Елшібаева.

"Неге қаза көбейіп кетті. Жақындар арасында қаза болғандар, жақынынан айрылығандар көп. Алла панасына алсын. Сабырлық тілейміз", деп жазды желідегілер.

Қара жамылған отбасыға қайғыра отырып көңіл айтамыз!

Талқылау