Саят Медеуов қазақ қыздарының шетелдікке тұрмысқа шығуына кімнің кінәлі екенін ашық айтты
Белгілі әнші Саят Медеуов Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында қазақ қыздарының жаппай шетелдіктерге тұрмысқа шығуына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Видеодан кадр
“Өзге ұлтқа тұрмысқа шықсаң, сол жаққа кет, елге қайтып келме. Егер біз әлемдік деңгейге бағынатын болсақ, тіліміз, салт-дәстүріміз үшін күреспеуіміз керек, бұған қатысты ешкімге өкпе артпауымыз қажет. Негізі қазақ қыздарының шетелдікке тұрмысқа шығуына қарсымын. Қазақтың қызын өзге ұлт алатын болса, біздің мемлекеттен азаматтық беріледі екен. Ол азаматтық үшін келеді. Азаматтық алып алғанша ол қыздан өлсе де айрылыспайды. Махаббат та емес, махаббат – уақытша дүние”, – дейді Саят Медеуов.
Әнші қазақ қызының кәріске, арабқа, италиялық азаматтарға тұрмысқа шығуына кімдері кінәлі екенін айтты.
“Бұл үрдісті тек тәрбиеге салатын болсақ, қыздың ата-анасы кінәлі. Ал өзге ұлтқа тұрмысқа шығып, бірақ сол шетелдікке Қазақстанның азаматтығын беру – мемлекеттің кінәсі”, – деп санайды өнер иесі.