Назарбаеваның орнына Саясат Нұрбек мәжіліс депутаты болып сайланды
Парламент Мәжілісіндегі Nur Otan партиясы фракциясының бос мандаты Саясат Нұрбекке беріледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл жайында партияның атқарушы хатшысы Асхат Оралов мәлім етті.
"Бүгін "Nur Otan" партиясының Саяси кеңесі Бюросының қаулысымен 28 ақпанда Саяси кеңестің отырысын өткізу туралы шешім қабылданды. Онда партияның кезектен тыс XXII Съезінің күн тәртібі бекітіледі. Сондай-ақ Саяси кеңес бюросының қаулысымен "Nur Otan" партиясынан Парламент Мәжілісі депутатының бос мандаты партиялық тізім бойынша Саясат Нұрбекке берілу туралы шешім қабылданды" деп жазды ол Facebook парақшасында.
Тиісті шешім ҚР Орталық сайлау комиссиясына жіберілді.
Жаңа үйленсе де өзге қыздарға жазады: Қазақстандық психолог неліктен ерлердің опасыздыққа баратынын айтты
Желі қолданушысы: "Бір ғана әйелмен ол қызықсыз. Басқасын да көргің келеді"
"Күніне 6 миллион 406 мың теңге табады": ТОП-10 қазақстандық шенеуніктердің бай әйелдері
Ерболат Досаевтың жұбайы Гүлнар Досаева Қазақстандағы люкс санатындағы компаниясының тең иесі