Саяхат үшін ең қауіпті елдердің 2024 жылға арналған тізімі жарияланды
Сирия мен Ливан 2024 жылы саяхаттау үшін ең қауіпті елдердің алғашқы бестігіне енді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі International SOS фирмасына сілтеме жасап хабарлайды.

Туристерге келесі жылы баруға кеңес берілмейтін елдер қатарында Оңтүстік Судан, Ауғанстан мен Сомали бар. Сондай-ақ Оңтүстік Судан антирейтингте көш бастап, ең қауіпті ел атанды. Зерттеу авторларының сөзінше, Суданда "саяхатшылар мен халықаралық өкілдерге қарулы топтар шабуыл жасауы" қаупі жоғары.
Сонымен қатар зерттеушілер саяхат үшін ең қауіпсіз елдерді де атады. Олардың қатарында Исландия, Люксембург, Норвегия, Швейцария мен Дания бар.
Исландия қылмыс деңгейі төмен болғандықтан тізімде бірінші орында тұр. Сонымен қатар мұнда шетелдіктерге қатысты саяси, расалық және діни қылмыстар аз жасалады екен.
Қазақстанда ипотека не себепті қымбат: Нарықтағы әділ баға қандай болуы керек
Экономист мамандар тұрғын үйдің қымбатшылығына не әсер етіп жатқанын айтты
Неге Қазақстан қалаларында аялдама бағасы пәтер құнымен тең: Әкімдіктер қанша қаржы жұмсайды?
Бір аялдаманың орташа құны шамамен 10,3 миллион теңге