Сәуірде банктер қазақстандықтардың мобильді аударымдары туралы мәліметін салық органдарына береді

Фото: Pixabaycom
Осы айда банктер салық органына кімнің кімге қанша ақша жібергені жайлы алғашқы есепті береді. Осылайша мобильді аударымдар арқылы қазақстандықтардың табысына бақылау жүргізілмек. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мемлекеттік кірістер комитетінің хабарлауынша, шотқа түскен қаржының тауар немесе қызмет үшін алынғаны расталса, азаматтар салық төлеуі керек. Немесе кәсіпкер ретінде тіркеліп, не кәсіппен айналыспағанын дәлелдеп, себебін түсіндіруі керек.
Қазақстандықтардың жалақысынан 20-25%-ын салық ретінде төлеу ұсынылды
Оқыңыз
Айта кету керек, бұл талаптар телефонмен ақша аударғандардың бәріне бірдей қолданылмайды. 3 айда 100 түрлі адамнан ақша түссе және аударымдардың тұрақты түрде жалғасып, жалпы сома 1 миллион 200 мың теңгеден асқанда ғана бақылау жүргізіледі.
Банктер биылғы 1-тоқсанның есебін 15 сәуірге дейін тапсыруға міндетті. Салық органдары есепшоты күдікке ілінген азаматтарға әуелі хабарлама жолдайды.
Айта кетейік, бұған дейін сәуірден бастап қазақстандықтардың мобильді аударымдары тексеріліп, салық органдарынан хабарлама жіберілетіні туралы жазған едік.
Қазақстандық ер адам егіз қызы мен ұлын зорлады деп айыпталды: Анасы бірнеше жылдан бері әділдікке жете алмай жүр