Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сатушы, жүк тасушы, даяшы болған жұлдыздар

«Кезінде ауыр жүк тиеп, нәпақамды тапқанмын». Дәл осылай өткенін еске алған «Ninety one» -дық «Alem», өмірінде әртүрлі  қызметте еңбек еткенін айтады. Өнердегі кейбір жұлдыздар да, қара жұмысты арланбай-ақ атқарған көрінеді.

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

Көрерменнің сүйіктісі, Асылхан Төлеповты қалың көпшілік елеулі рөлдерді сомдаған табысты актер ретінде таниды. Алайда, киносаласында бағы жанған өнер иесі, алғашқы ақшасын түсірілімнен емес, базарда жүріп тапқан екен.

“Мен өзім саудада істеген адаммын. Бірден енді жетістікке жете қойған жоқпыз. Бірден киноға түсіп кеткен жоқпыз. Өнер академиясында оқып жүргенімізде, яғни базарда банан сатып жүрген кездерім болды. Ол енді жасыратын түгі жоқ”, – дейді Асылхан.

Ауыр кезеңді белгілі әнші Жанна Орынбасарова да басынан кешірген. Жарты жылдай даяшы болып жұмыс істеп, кейін эстардаға қадам басқан ол, әркімнің табысының кілті өз қолында дейді.

“Адам мысалға, даяшы болып жұмыс жасау үшін жаралған жоқ, шопыр бала болып жұмыс жасау үшін жаралған жоқ. Әр адамның мақсаты бар ма, сол мақсатқа өзі жүрсе, сол мақсатқа қарай жетістігіне жетсе, кім оған ешкім оған қарсы болмайды”, – дейді Жанна.

Ал, «Найнти уандық» Alem болса, қара жұмысты оқушы кезінінен ақ еш қиынсынбаған.

“7-8 касстарда басталған шығар бірінші жұмыс істеу. Ол жазда, бір-екі күндік жұмыстарға «грузчик» болып. Сосын, барып кел, шауып кел жұмыстар”, – дейді «Alem».

Alem бала күнгі табысын қайда жұмсағанын әлі де ұмытпайды.

“Бір жерге барып компьютерный ойындарды ойнап қайтасың.  Немесе басқа жерлерле балалармен. Содан кейін официант болдым, сол-ау деймін. Содан кейін бірден музыкаға кетіп қалдым. Одан кейін тойда ақша тауып үйрендім”, – дейді ол.

Жіберіп алмаңыз:

Баян Алагөзова мюзиклдің неге «Сиситай» аталғанын түсіндірді

Бақытбек Есентаевтың қарындасы ағасы туралы естелігімен бөлісіп, жұрттың жүрегін елжіретті

Қайрат Нұртастың әнін шырқаған Меруерт Түсіпбаева тыңдармандарын сүйсіндірді (видео)

Ақбота Керімбекова ер жетіп қалған ұлдарын көрсетіп, жұртты сүйсіндірді

Талқылау