Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Баян Алагөзова мюзиклдің неге «Сиситай» аталғанын түсіндірді

Баян Алагөзова жастай қиындық көрген қыздың арманға жетер жолы туралы тағы бір фильм түсірді. Жаңа туынды «Сиситай» деп аталады. Күні кеше Алматыда еліміздегі ең алғашқы мюзиклдің тұсаукесері өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Сиситай – қазақ қызының аты, фильмнің басты кейіпкері. Әлемдік деңгейдегі әртіс C. C. Catch есімінен алынып, қазақша еркелетіп айтылады. Оны Гуля не Сәуле немесе Дина деп атайтын болсақ ешқандай ерекшелігі болмас еді. Фильмді көріп болған адамдар Сиситай деген әлемдегі ең мейірімді есім екеніне көздері жетеді», – деді Баян Алагөзова тұсаукесерде.

Продюсердің киноқоржынында шоу-бизнес әлемі туралы «Ғажық жүрек” немесе “Жұлдызға арналған коктейль» фильмі бар. Оған Мейрамбек Бесбаев пен Мөлдір Әуелбекова түскен. Бұл жолы Баян Алагөзова толыққанды мюзикл жасап шығарған.

Сюжетке сәйкес, Сиситай есімді ауқатты бизнесменнің қызы әкесінің қарсылығына қарамастан әнші болуды армандайды. Кейін әкесі дүниеден өткен соң өгей шешесі оны үйден қуып шығады. Қолына ілінген қара жұмыстың бәрін атқарып нан тауып жүрген қыз ойда жоқта әйгілі продюсер Алиса Мақсұтқызының көзіне түседі (оның рөлін Баян Алагөзованың өзі сомдайды).

25 күннің ішінде түсіріліп 400 мың АҚШ доллары жұмсалған фильмде Баян Алагөзованың күйеуі Тұрсынғали Алагөзов те актер ретінде бой көрсетеді. Жаңа туынды көпшілік назарына 8 наурызда мереке күні ұсынылмақ.

Жіберіп алмаңыз:

Мақпал Жүнісова өзін сынаған журналистке: 35 жыл ерігіп жүрмедік

Бақытбек Есентаевтың қарындасы ағасы туралы естелігімен бөлісіп, жұрттың жүрегін елжіретті

Баян Мақсатқызы: Тұрсын маған деген махаббатын іспен дәлелдеді

Баян Мақсатқызы “КешYou тобының қыздарын қалталы азаматтарға сатады” дегендерге жауап берді

Талқылау