AAPL
157.87 $
2.85 %
TSLA
1096.38 $
0.68 %
NDAQ
208.7 $
-0.59 %
GOOGL
2996.77 $
1.21 %
FB
338.69 $
-0.61 %
FRHC
70.79 $
-0.21 %
AAPL
157.87 $
2.85 %
TSLA
1096.38 $
0.68 %
NDAQ
208.7 $
-0.59 %
GOOGL
2996.77 $
1.21 %
FB
338.69 $
-0.61 %
FRHC
70.79 $
-0.21 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Баян Мақсатқызы: Тұрсын маған деген махаббатын іспен дәлелдеді

Баян Мақсатқызы жас кезінде сымбатты да сұңғақ Лешка есімді азаматқа ғашық болған. Артынан қанша жігіт жүгірсе де, ешкімге қарамаған. Ал Лешкаға деген сезімін ашық білдіріп, тіпті бірге болуға өзі ұсыныс жасаған. Бұл туралы Баян өзінің автобиографиялық кітабында жазған болатын, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Алайда Баянның ғашығының өз сүйіктісі болған. Бір жағынан өзінен едәуір кіші қызды “бала” санаған. Сол оқиғадан кейін Мақсатқызы “ешқашан ешкімді жақсы көрмеймін, ерлер мені сүйсін” деп өзіне серт бергенін айтады. Расында Тұрсынғали Алагөзовті кездестіргенге дейін Мақсатқызы ешкімді сүймегенін ашып айтты.

Журналист Аман Тасығанға берген сұхбатында Баян Тұрсеннің (авт. Баянның атауы бойыншы) махаббатына сенімді екенін мәлімдеді.

“46 жастағы адам өз өмірін 180 градусқа өзгертті. Ол бәрін тастап, кері бұрылды да кетті. Осы ісі арқылы ол маған деген көзқарасы мен сезімін көрсетті деп ойлаймын. Ер азаматта күдік болса, ол кері қайтуға бір жол қалдырады. Бірақ ол қалдырмады. Жай ғана кетіп қалды. Таңнан кешке дейін “Мен сені сүйемін” деп айта беруге болады. Бірақ сен не істедің? Ол өз артынан есікті жапты, 30 жылдық өмірінен баз кешті. Сондықтан да бұл жалған махаббат деп ойламаймын”, – дейді Мақсатқызы.

Алагөзованың айтуынша, біздің қоғамда әйелдер ерін сүймесе де, онымен өмір сүре береді. Себебі жұрттың сөзінен қорқады.

“Көпшілік махаббат үшін отбасыңды тастап кеткен ұят деп санайды. Бірақ сен бұл өмірге жалғыз келесің және жалғыз кетесің. Өміріңді де өзің сүресің. Балаларыңа өмір сыйлауың мүмкін, туған-туыстарыңа, қоғамға жағыну үшін өмір сүруің мүмкін. Ұят деп өзіңді ұмытуың мүмкін. Көптеген әйелдер солай өмір сүреді. Сырттай жақсы көріп, өзі қиналып, қаншама түнді жылап өткізуі мүмкін. Ал мен сол “ұяттың” шеңберінен шығып кеткендіктен, қоғамның наразылығына ұшырадым. Ол менің батылдығымнан емес. Мен тек бұрынғыдай өмір сүре алмайтынымды түсіндім”, – деп түсіндірді продюсер.

Жіберіп алмаңыз:

Баян Мақсатқызы “КешYou тобының қыздарын қалталы азаматтарға сатады” дегендерге жауап берді

Жазира Байырбекова бала сүю үшін Германия дәрігерлеріне қаралып келген

Димашқа Қытайда екі күн ішінде 70 млн-ға жуық дауыс берілді

Әнші Динара Сұлтан бесінші рет ана атанды

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр