Сату үшін кір жуғыш машинасын суретке түсірген қыз жалаңаш бейнесін көрсетті
Facebook-тегі Marketplace жарнамалық қызметінің қолданушысы тұрмыстық техниканы сату мақсатында кір жуғыш машинаның фотосуреттерін жариялады. Ал нәтижесінде америкалық әйел кездейсоқ өзін жалаңаш күйінде көрсетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Кентукки штатының тұрғыны LG компаниясының пайдаланылған кір жуғыш машинасы мен кептіргішті сату туралы хабарлама жариялады. Сипаттамада екі құрылғы да жақсы күйде екені атап өтілген.
Техникаларды суретке түсірген қыздың өзі де кадрға түсіп қалған. Машинаның металл бетіндегі шағылысқан жерден оның жалаңаш кейпін көруге болады.
Жарияланымның авторы сататын заттарды iPhone-ға суретке түсіріп, бір қолымен қабырғаны ұстап тұрған. Кейбіреулер ол заттарын жуып, бір уақытта жарнама үшін суретке түсіргісі келді деп болжады.
Дегенмен көп ұзамай жазба өшірілген.
Желі қолданушыларының кейбірі мұндай жазба техниканы тезірек сату үшін шығарылған деп болжады.
Қазақстандық компания қазақ тілінде баяндама жасаған қызметкерді жұмыстан қуды деп айыпталды
Қызметкердің жұбайы жұмыс берушіден түсініктеме талап етті
"Қолынан сүйіп, денесін ұстаған": Алматыда 15 жастағы қыз такси жүргізушісінің әрекетінен шошып қалған
Қыздың адвокаты істі қылмыстық тұрғыда тексеруді сұрады