"Сатқындық жасады": Дильназ Ахмадиева құрбысы Мақпал Исабековамен араласпай кеткенін мойындады
Танымал әнші Дильназ Ахмадиева өнердегі әріптесі, құрбысы Мақпал Исабековамен араласпай кеткенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Balu.kz арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: https://www.youtube.com/shorts/7oVEKHiwQ24
Өнер иесі анасынан басқа ешкімге сене алмайтынын жасырмады.
“Араласпай кеткенімізге төрт жыл болды. Біз енді жақын құрбы емеспіз. Солай болып қалды. Жолымыз бөлек екен. Екеуміздің достыққа деген көзқарасымыз да әртүрлі екен. Жаман ештеңе болған жоқ. Көрген жерде амандасып тұрамыз. Бір-бірімізді көрместей болып кеткен жоқпыз. Кейінгі кезде қасымдағы жақындарым азайып қалды. Анамды есептемегенде жақын деген үш адамым ғана бар. Анам ғана – ең жақын құрбым. Маған манипуляция жасады, алдады, сатқындық жасады. Осының бәрін құрбыларым жасады. Енді ондай құрбылардың болғанын қаламаймын", – деп шынын айтты Ахмадиева.
Сонымен қатар әнші ұлының диагнозы барын да жасырмады.
“Тоғыз жыл күткен ұлым Зейданның денсаулығы сыр беріп жүр. “ЗПРР” деген диагноз қойды. Оны естігенде есеңгіреп қалғаным рас. Қабылдау қиын болды. Бірақ ондай диагноз екінің біріне қойылады екен. Қазір ұлымды емдетіп жатырмын. “Балабақшаға берсең, балалармен ойнап кетеді” деп ақыл айтатындардікі – ақымақтық. Балаға бірінші ата-анасы көмектесуі керек. Барлық қиындықтың шығатын жолы бар”, – деді өнер иесі.
Еске салайық, Дильназ Ахмадиева балалық шағының қызық кезеңдерін бөліскенін жазған едік.
@timur_balymbetov «Мой круг друзей опустел» - в новом интервью Дильназ Ахмадиева откровенно поведала о переменах в жизни и отношении к дружбе. Скоро на канале! @dilnaz_akhmadiyeva #честноговоря #тимурбалымбетов ♬ original sound - Тимур Балымбетов