Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"4 жасымнан бастап өзім шешім қабылдаймын": Дильназ Ахмадиева балалық шағының қызығын бөлісті

Танымал әнші, актриса Дильназ Ахмадиева бала кезіндегі қызық оқиғасын бөлісіп, фотоларын көрсетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/dilnaz_akhmadiyeva/

Өнер иесінің айтуынша, анасы 4 жасынан бастап, өз бетінше шешім шығаруды үйреткен. 

“Әлі есімде, анам кішкентай кезімізден өз бетімізше өмір сүруге баулыды. 4 жасымда анаммен бірге санаторийға демалуға бардық. Сол кезде анамнан ерте тұрып, барлық ем-шараларды алып келуші едім. Менің кішкентай екенімді көріп, бәрі кезексіз өткізіп жіберетін. Жалғыз өзім барлық кабинетке кіріп, мөр ұрғызып, тексеріліп келе беретінмін. Тіпті сол орталықтың ішіндегі түрлі үйірмелерге де өзім барып жазылдым. Қыс айы, бәрі жаңа жылға дайындалып жатыр екен. Ақшақар таба алмапты. Мені көріп, сол жердегілер “ақшақар боласың ба” деді. Мен келістім. Солай емдеу-сауықтыру орталығындағы жаңа жылдық кешке қатысқанмын. Анам қатты таңғалды. Анамның сол тәрбиесі мені лидер болуға үйретті”, – дейді әнші. 



Сонымен қатар әнші мектеп қабырғасында жүргенде де өте белсенді оқушы болғанын айтты.

“Ата-анамның махаббатына шомылып өстім. Олар бізбен бірге өте көп уақыт өткізді. Естен кетпейтін керемет сәттер еді. Мен өте сабырлы бала болдым. Мектептегі іс-шараларға көп қатысатынмын. Қойылым қойып, ән айтып, көрініс көрсететінбіз. Анам үйірмелерге жаздырып қоятын. Соның арқасында жан-жақты болып бойжеттім”, – дейді өнер иесі. 

Фото: https://www.instagram.com/dilnaz_akhmadiyeva/

Еске салайық, әншінің 9 жыл бедеулікпен күрескенін жазған едік. 

Талқылау