Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қан жөтел басталды": Балжан Бидаш әкесін шетелге емдетуге алып кетті

Танымал әнші Балжан Бидаш әкесінің денсаулығы сыр бергенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/bidash_official/

Өнер иесінің айтуынша, әкесінің денсаулығы өзінің туған күнінен кейін сыр берген. 

“Әкемнің туған күні көлік сыйладық. Бірақ жарқыратып салуға көңіл-күйіміз болмады. Ол кісі өзі де қаламады”, – деп жазды әнші. 

Сонымен қатар Балжан әкесінің денсаулығы сыр беріп, оны түн ішінде ауруханаға алып барғанын айтты. 

“Туған күн бітіп, қонақтар тарағаннан кейін әкемнің жөтелі басталды. Біз күтпеген қан жөтел болды. Бәріміз абыр-сабыр болып, жедел жәрдемді күтпей машинамен ауруханаға алып бардық. Уайымдап жатқандарыңа рақмет!” – деп алғысын білдірді өнер иесі. 



Алайда әкесінің диагнозын отандық дәрігерлер таппағасын, шетелде ем алуды жоспарлап қойған көрінеді.

“Шүкір, біз үйге келдік. Жөтелді басатын система салып, дәрі жазып берді. Бірақ диагнозын нақты айтпады. Сонда да алғашқы көмек берген дәрігерлерге рақмет! Бірақ әкешім қорқытып жіберді. Бұлай болмайды. Дұрыстап емге кірісу керек. Сондықтан таңертең басқа елге ұшатын болдық”, – деді әнші. 

   Фото: https://www.instagram.com/bidash_official/

Еске салайық, өнер иесінің бұрынғы енесімен араласпайтынын жазған едік. 

Талқылау