Сасқалақтағаннан есігін ашып жіберген: Студент ұшақтан құлап қаза тапты
Студент сасқалақтағаннан ұшақтың есігін ашып жіберіп, құлап қаза тапқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі The Sun басылымына сілтеме жасап.

Cessna C168 ұшағы Анжавадан көкке көтеріліп бара жатады. Бортта үш адамы болған. Жеңіл ұшақ мыңдаған шақырымға көтеріліп, 10 минут ұшқаннан кейін Алан қауіпсіздік белдігін шешіп, ұшақтың оң жақ есігін ашып, секірмекші болады. Екінші жолаушы қызды тоқтатуға тырысқан. Ол Аланның аяғына ұстап тұрады. Алайда студент ұшақтан ұшып кеткен.
"Оның есікті не үшін ашқанын білмеймін, бірақ ол солай жасады. Есікті ашып, секірді. Есік ашық тұрған жоқ", - деді ұшақтың пилоты Номенжахари.
Төтенше жағдайлар қызметі қызды іздестіруде. Алайда, алдын ала болжам бойынша мәйітті табу мүмкін емес.
"Біз сұлу қызымыздан айырылып қалғанымызға сене алар емеспіз. Оның адамдарға күлкі сыйлаған әрбір сәті есімізде, көз алдымызда", - дейді қыздың ата-анасы.
Қазіргі таңда тергеушілер оқиғаның барлық мән-жайын тексеріп жатыр.
"Мәйітін алып келуге 2 апта кетеді": Вьетнамға қызымен демалуға барған қазақстандық әйел көз жұмды